«Қаражыра» АҚ – «Елімай» футбол клубының ресми серіктесі

Абай облысындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «Қаражыра» АҚ «Елімай» футбол клубының ресми серіктесі атанды.

Бұл серіктестік спортты дамытуға, жастарды қолдауға және өңірдегі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған.

«Елімай» ФК мен «Қаражыра» АҚ арасындағы әріптестік кәсіби спортты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатқа толық сәйкес келеді. Оның негізгі мақсаты – футбол клубтарының қаржылық тұрақтылығын арттыру, жеке бизнестің спортқа қатысуын кеңейту және бюджеттік қаржыландыруға тәуелділікті азайту. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компаниялардың футболды дамытуға атсалысуы бизнес, қоғам және спорт арасындағы байланысты нығайтып, Абай облысында ұзақ мерзімді спорттық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Copyright © 2026 г. Все права на сайт защищены законами РК. Создание сайта осуществлено в AlmatySite.kz