«Қаражыра» АҚ қызметкерлерінің балалары «DOSBOLLIKE» жазғы сауықтыру лагеріне аттанды!

Жазғы демалыс балалар үшін жарқын әсерлерге, жаңа достарға және қызықты оқиғаларға толы басталды. Бүгін «Қаражыра» АҚ қызметкерлерінің балалары «DOSBOLLIKE» балалар сауықтыру лагеріне жол тартты. Мұнда оларды қызықты ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сабақтары мен танымдық бағдарламалар күтуде.

Қызметкерлердің отбасына қамқорлық көрсету – «Қаражыра» АҚ әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта лагерь жолдамасының құнының 80%-ын кәсіпорын төлейді, ал қызметкер тек 20%-ын ғана өтейді.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа достар, жарқын естеліктер мен ұмытылмас жазғы демалыс тілейміз! Бұл жаз әр бала үшін қуанышқа, шабытқа және жаңа жетістіктерге толы болсын!

 

Дети сотрудников АО «Каражыра» отправились в летний оздоровительный лагерь «DOSBOLLIKE»!

Летние каникулы начались, подарив детям яркие впечатления, новых друзей и множество интересных событий. Сегодня дети сотрудников АО «Каражыра» отправились в детский оздоровительный лагерь «DOSBOLLIKE». Здесь их ждут увлекательные игры, спортивные соревнования, творческие мастер-классы и познавательные программы.

Забота о семьях сотрудников — одно из важных направлений социальной политики АО «Каражыра». В связи с этим предприятие оплачивает 80% стоимости путевки в лагерь, а сотрудник покрывает лишь 20%.

Желаем детям отличного настроения, новых друзей, ярких воспоминаний и незабываемых летних каникул! Пусть это лето будет наполнено радостью, вдохновением и новыми достижениями для каждого ребенка!

Copyright © 2026 г. Все права на сайт защищены законами РК. Создание сайта осуществлено в AlmatySite.kz